Республика соттарында қылмыстық және азаматтық істерді қарау бойынша семинарлар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған судьяларға арналған семинар өткізді.

Алқа төрағасының айтуынша шараның мақсаты қылмыстық істерді қараудың сот практикасын зерделеу, неғұрлым жиі жіберілетін қателіктерді анықтау, қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама нормаларын қолдану және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары бойынша өзекті мәселелерді шешу, қылмыстық заңнаманы біркелкі қолдануды қалыптастыру болып табылады.

Семинар барысында сот отырысы хаттамаларының талдау нәтижелерінің сот актісіне сәйкестігі, облыс соттарының 2017 жылдың 3 айында үкімдердің орындалу тәртібімен материалдарды қарау, істерді прокурорға қайтару, сондай-ақ қылмыстық істерді кассациялық қарау нәтижелері талқыланды.

Облыстық соттың судьясы Гүлнар Миниус облыстың тергеу судьяларының өкілеттіктері бойынша барлық бағыттағы  2016 жылғы және 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыстарына талдау жасады. Спикердің айтуынша, тергеу судьялары кейбір жағдайларды қоспағанда, олардың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңнаманы дұрыс қолданады. Сонымен қатар, материалдарды қарау және заңдарды дұрыс біркелкі қолдану кезінде одан әрі бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тергеу судьяларына өтінішті тереңірек зерттеуге және республика бойынша сот практикасына талдау жасауға ұсыныс берілді. Талдауда көрсетілген қателер бойынша тергеу судьяларының баяндамалары тыңдалды.

Бұдан басқа, облыс судьяларының 2017 жылдың 4 айында жіберген, апелляциялық сатыда күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің талдауы зерделенді.

Сот актілерінің күші жойылуына және өзгеруіне ең көп жол берген судьяларға, орын алған мәселелер бойынша практикалық сабақтар өткізу ұсынылды.

 

Алматы облыстық сотында «Сақтандыру туралы заңды қолдана отырып, дауларды қарастырудағы сот тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына прокуратура, нотариаттық палата, сақтандыру компанияларының өкілдері, медиаторлар мен адвокаттар қатысты.

Семинар барысында облыстық соттың судьясы Раушан Дакубаева сақтандыру әр түрлі экономикалық формацияда болатын ең маңызды экономикалық институттардың бірі болып табылатындығын, алайда нарық жағдайында неғұрлым толық жүзеге асатындығын айтты. Сақтандыру адамдар мен қауіпсіздік қажеттілігін қанағаттандыратын атап өтті.

Облыстық соттың судьясы Нүргүл Жекенова қазіргі уақытта азаматтық құқықтың реттеу саласына енетін көптеген институттар, оның ішінде сақтандыру, тұрақты жүйе, функционалдық және тиімділікті қалыптастыру үшін қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етуде тек алғашқы қадамдар жасайтынын айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылар алдағы уақытта сақтандыру мәселесі бойынша дауларды шешуде тиімді жұмысты жалғастыруға негізделген ұсыныстарын ортаға салды. 

 

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьялыққа кандидат – тағылымдамашылардың қатысуымен имитациялық сот процесі өткізілді.

Кандидаттардың іскерлік және кәсіби қасиеттерін зерделеу, олардың судья лауазымында жұмыс жасауы үшін алған тәжірибелік және ұйымдастыру дағдыларын тексеру мақсатында облыстық соттың Оқу орталығы тағылымдамашы-кандидаттардың, аудандық және оған теңестірілген соттар, облыстық сот мамандарының, сондай-ақ М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің қатысуымен «Қылмыстық құқық және процесс» мамандығы бойынша имитациялық сот процесін жүргізуді ұйымдастырды.

Сот процесін модельдеу нәтижесі бойынша үйлестірушілер, тағылымдама басшылары, облыстық соттың судьялары кандидаттардың сот процесін жүргізулеріне объективті баға берді, тағылымдамашылардың істерді қарау техникасын игеру деңгейі туралы куәландыратын оң аспектілері және назар аударарлық кемшіліктер атап айтылды.

Алдағы уақытта «Азаматтық құқық және процесс», «Әкімшілік құқық және процесс» мамандықтары бойынша осыған ұқсас имитациялық процестер өткізу жоспарлануда.

Оқытудың аталған түрі тағылымдамашы-кандидаттардың тағылымдамадан өту кезеңінде сот процестерін жүргізу техникасын игерудің практикалық дағдыларын, іскерлік жан-жақтылықты дамытуға, тағылымдамадан өту нәтижелілігі мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді және тағылымдамашы-кандидаттардың судья уәкілеттілігін іске асыру келешегін анықтауға дайындық деңгейлерін білуге көмектеседі.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстық соттардың баспасөз қызметтеріі