Республика соттарында Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, Достық үйінің өкілдері қатысты.

Алғашқы болып құттықтау сөз сөйлеген облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов Қазақстан халқының бірлігі күні – бұл қазақстандық отансүйгіштіктің және біздің елге деген адалдықтың мерекесі. Ел Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Қазақстан халқы ассамблеясының алдында республикадағы этносаралық және конфессияаралық келісімді, тұрақтылықты нығайту, Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық бірегейлігін нығайту бойынша бірқатар жаңа міндеттерді қойып, қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысудағы рөлін анықтады.

Е.Айтжанов әріптестері мен қонақтарды құттықтай отырып, қатысушыларға бейбітшілік, мейірімділік, болашаққа деген жақсы үміт пен сенімділік тіледі.

Салтанатты іс-шара барысында аудандық және оған теңестірілген соттардың арасында Қазақстан халқының бір этносының ұлттық әні мен биін ең үздік орындауы бойынша мерекелік байқау өтті. Бұл үшін облыс соттары төрт командаға бөлінді, олардың әрқайсысы өз нөмірлерін көрсетті. Көрермендер назарына армян, ұйғыр, татар, орыс, шешен, кәріс, еврей, өзбек, түрік, казказ этностарының өте әдемі және жалынды билері ұсынылды. Желпуіштерімен кәріс ұлттық биі өзінің үйлесімділігі және көркемдігімен қатысушыларды тамсандырды. Әндер мен билер слайд және бейнероликтер көрсетіле отырып жүргізілді.

Концерттік бағдарлама барысында қазылар алқасы қатысушылардың койылымдарын бағалады.

Қазылар алқасының құрамына кірген Достық үйінің өкілі Әсемгүл Есқожа: «Сот қызметкерлері өздерінің қойылымдарымен Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың достығы мен бейбітшілігін, келісім мен бірлігін өте жақсы көрсетті» - деп атап өтті.

Мерекелік іс-шара соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

 

Қызылорда облыстық сотында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет, Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов, Қызылорда қаласында орналасқан соттардың төрағалары мен судьялары және соттар әкімшісінің бөлім басшылары, сот қызметкерлері қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет қазақстандықтар үшін 1 мамыр мерекесінің маңыздылығына тоқталып, мемлекетіміздің экономикасының өркендеуі және саяси тұрақтылығы халқымыздың өзара ынтымағы мен Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі екенін атап өтті.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» қағидасын ұстанған мемлекетіміз үшін бірлік күні ерекше мәнге ие. Әр жылда атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам этнос өкілдері республикамызда тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды», - деді өз сөзінде алқа төрағасы Бақытжан Қалымбетов.  

Мерейлі мереке қарсаңында бірқатар сот мамандары марапаттарға ие болды. Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы төрағасының алғыс хатымен Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас мамандары Алтын Задаева, Бекбол Рысмамбетов, сот жасауылы Бақытжан Қошанов, бас маман-сот отырысының хатшысы Әйгерім Накиева, жетекші маман Абай Піржановқа табысталды. Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының алғыс хатымен Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Әл-Фараби Жақсылықов, бағдарламашылар Нұрбол Тілеумбаев пен Әзілхан Қазби марапатталды.

Мерекелік жиында сот қызметкерлері Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрінің озық үлгілерін көрсетіп, ән-күйін орындап, ұлттық билерін көпшілік назарына ұсынды.  

Іс-шара соңында қатысушылар халқымыздың ынтымағы мен бірлігін паш ететін деректі фильмді тамашалады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстық соттардың баспасөз қызметтері