Президент судьялыққа кандидаттардың жас шектелімін 30 жасқа дейін арттыруды көздейтін конституциялық заңға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Конституциялық заң бірқатар конституциялық заңдарды Конституцияның нормаларымен сәйкестендіру мақсатында қабылданды.  «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституиялық заңға өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың функциясы нақтыланды, аудандық соттың судьясы лауазымына кандидаттардың жас шектелімі 25-тен 30-ға дейін арттырылды. Конституциялық заңның қағидасы судьялық лауазым иеленуге жарияланған конкурсқа қатысушының тиісті соттың жалпы отырысының қорытындысын алу тәртібін нақтылайды. Сот жюриі шығаратын шешімдерге қатысты өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, қабылданған түзетулерге сәйкес уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы Республикалық бюджеттік комиссиясының мүшесі болып табылатындығы регламенттелген.

Жалпы алғанда, Конституциялық заңның қағидасы сот жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар