Петропавлда медиацияның дамуы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйі ғимаратында «Дауларды және жан-жалдарды шешуге арналған медиация негіздері. Міндетті сотқа дейінгі реттеу» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Тәжірибелік семинар спикері болып «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ТМД экономикалық сотының халықаралық делдалы, «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Жангелді Жақыпов сөз сөйледі.

Іс-шараға судьялар, «Содружество» құқық және медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі кәсіби медиаторларының өкілдері және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Ж.Жақыпов сөз сөйлей келе тәжірибелік практика жан-жалдарды азайту және әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді сақтау, жан-жалдарды бейбіт жолмен шешу үшін татуластыру рәсімдері мен медиация институтын дамытуға және насихаттауға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ жиналғандар медиация тәртібінде даулардың жеке санаттары бойынша дауларды (жан-жалдарды) міндетті сотқа дейінгі енгізу жөніндегі Жоғарғы Соттың пилоттық жобасын іске асыру сұрақтарын талқылады.

Тәжірибелік семинар қатысушылары медиация рәсімі, оны жүргізу тәртібі және даулар мен жан-жалдарды шешудегі медиаторлардың рөлі туралы толық ақпарат алды.

Петропавл қаласының №2 сотының судьясы Қайрат Смағұлов медиация отбасылық, еңбек, коммерциялық, әлеуметтік және басқа да даулар түрлері бойынша, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша және атқарушылық іс жүргізу сатысында қолданылатынын атап айтты. Медиация сот процесі барысында сотқа дейін және тергеу және анықтау барысында сот шешімін орындау сатысында соттан тыс жүргізілуі мүмкін. Сот процесі аясында медиациялық келісім жасасқан жағдайда төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылады.

Іс-шара соңында тәжірибелік семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі