Петропавл қаласының судьялары Ішкі істер департаментінің қызметкерлері үшін семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Петропавл қаласының судьялары Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінде семинар өткізіп, оның барысында Мемлекет басшысының Жолдауда және Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қойған міндеттерді жүзеге асыру аясындағы сот жүйесінің түбегейлі өзгеруі туралы баяндады.

Семинарға облыстық және әкімшілік соттардың судьялары, Петропавл қаласының прокуроры А.Трикачев, облыстың ішкі істер департаменті бөлімшелерінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Іс-шараны ашқан Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов аталған іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап айтты.  

 Әкімшілік сот төрағасының міндетін атқарушы Айгүл Ақпанова өзінің баяндамасында Мемлекет басшысының "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы біздің мемлекетіміздің экономикасының орта әлемдік деңгейден жоғары өсу қарқынын және 30 алдыңғы қатарлы ел санына тұрақты қосуды қамтамасыз ететін бес басымдықты белгілегенін атап өтті. Осы басымдықтардың қатарына - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты басымдықтар жатады.

А.Ақпанова жиналғандардың назарын тәуелсіздік жылдары мемлекетті құру барысында заманауи сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінгеніне аударды. Кез келген нағыз сот реформасының соңғы мақсаты – ол тәуелсіз және қиянатқа бармайтын сот билігі, бұл жерде судьялардың адалдығы мен кәсібилігі, сот төрелігінің әділдігі мен қолжетімділігі басты орында тұрады.

Судья Алена Девяткина семинар қатысушыларының назарын қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға аударды, сотқа толық дәлелдемелерді ұсыну қажеттілігін атап өтті.

Судьялар Асламбек Көшенов пен Гүлжан Талеева Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша ұсынымдар берді.

Іс-шара барысында семинар қатысушылары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау, жолдау кезінде туындайтын басқа да мәселелі сұрақтарды талқылады.

Семинар соңында Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов судьяларға жан-жақты көмек көрсеткендері және бірлескен сапалы да табысты жұмыстары үшін алғыс хаттар табыстады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі