Павлодарда сот мүгедегінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотында жалдау шартының мерзімін ұзартудан бас тартуды заңсыз деп тану, тұрғын үй комиссиясының 2016 жылғы 21 қазандағы шешімін күшін жою және мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жолдау шартын белгісіз мерзімге жасалған деп тану туралы  азамат Ш-ның арызы қаралды.

Ш.-ны 4 бірінші топ мүгедегі екені және оған мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жалдау шарт негізінде Павлодар қаласында пәтер берілгені анықталды.2016 жылғы қазан айында Ш. үйді жалдау шартын ұзарту туралы өтінішпен «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесіне жүгінген. Алайда тұрғын үйді жалдау шартын ұзартудан бас тартылып, тұрғын үйді жалдау шартын жасаудан бас тарту туралы шешім шығарылған.

Сот шешімімен жалдау шартын ұзартудан бас тарту заңсыз деп танылды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйді жалдау шартын жасаудан бас тарту туралы тұрғын үй комиссиясы шешімінің 1 тармағының күші жойылды.

Сонымен қатар, сот уәкілетті органды жіберілген бұзушылықтарды толықтай жоюға және шешімнің заңды күшіне енгеннен кейінгі бір айлық мерзімде арыз берушінің бұзылған құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге міндеттеді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі