Павлодарда сот акционерлік қоғамнан бұрынғы қызметкердің пайдасына моральдық зиянды өтеу түрінде үш миллион теңге өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Б. келтірілген моральдық зиянды өтеу мақсатында өзі қызмет атқарған акционерлік қоғамнан өтемақы өндіріп алу талабымен Екібастұз қалалық сотына жүгінді.

Сот талапкер еңбек шартына сәйкес экскаватор машинисі болып жұмыс істегенін анықтады. Ағымдағы жылдың 27 мамырында жазатайым жағдай орын алып, нәтижесінде талапкер үлкен және кіші сан жіліктерінің ығысуынан жарықшақтанған сынық түріндегі жарақат алған. Жазатайым жағдай туралы актіге сәйкес жұмыс берушінің кінәсі 100 % анықталды. Жарақат алу нәтижесінде талапкер кәсіби еңбекке жарамдылығын 80%-ға жоғалтып, куәландыру құқығынсыз екінші топтағы мүгедек атанды. Алған осы жарақат салдарынан азамат Б.-ның бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеуге, жалпы қалыпты жұмыс істеуге, өзіне және отбасына қажетті табыс табуға мүмкіндігі жоқ.

Сот парасаттылық және әділдік қағидаларын басшылыққа ала отырып, Б.-ның пайдасына акционерлік қоғамнан моральдық зиянды өтеу есебіне 3 000 000 теңге өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі