Павлодар судьялары заңнама жаңашылдықтарын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар  облыстық соты судьялар үшін «Азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қолдану бойынша семинар өткізді.

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов семинарда аталған заң «Үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының Жарлығы шеңберінде қабылданғанын атап өтті. Енгізілген өзгерістер жеке меншікті қорғау, салық-бюджеттік саясатты жақсарту, бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану және басқа да мәселелерді қамтыды.

Сонымен қатар, Азаматтық және Азаматтық процестік кодекске енгізілген жаңалықтарға, атап айтқанда, жарамсыз мәмілелерді дауланатын және маңызсызға бөлінуіне, жарамсыз мәмілелердің салдарына, талап араз көшірмелері мен оған қосымша құжаттарды жолдау бойынша міндетті сотқа жүктелуіне назар аударылды. Заңға сәйкес бірінші тындалу мерзімі белгіленді, ол дайындық аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспай басталуы тиіс.

Семинар барысында заңнама талаптарын қатаң сақтауға және олардың талаптарын бұзуға жол бермеуге назар аударылып, заңнама түзетулерін жаппай сақтауға және практикалық жүзеге асыру мақсатында енгізілген жаңалықтарға әрдайым талқылау өткізу қажеттілігін тапсырды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі