Павлодар облыстық сотының төрағасы жас судьялармен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кәсіби деңгейді және біліктілікті көтеру мақсатында Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов 3 жыл өтілі бар жас судьялармен кездесу өткізді.

Павлодар аумағында барлығы 18 судья қызмет атқарады, оның ішінде кем дегенде 1 жыл өтілі бар 8 судьялар.

Кеңес барысында облыстық соттың төрағасы М.Смағұлов жас судьялардың назарын Фемида қызметшілеріне халықтың сенімін арттыруғажәне сот беделі билігін нығайтуға жолданған өткен VII съезде қабылданған судьялардың Әдеп Кодексі нормаларын қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударды.

Облыстық соттың төрағасы жас судьяларға Мемлекет басшысымен қойылған негізгі міндеттерді естеріне салып, сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қарсы тұру және тұрақты негізде өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге әрдайым жұмыс жасау қажеттігін белгілеп өтті. 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі