Павлодар облыстық сотының төрағасы онлайн-режимінде азаматтар қабылдауын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов бейнебайланыс арқылы Баянауыл және Успен аудандарының азаматтарын қабылдады.  

Бейнебайланыс жүйесін қолдану азаматтарға қалаға келмей-ақ, төрағамен нақты уақыт режимінде байланысуға және өздерін қызықтыратын сұрақтарға тиянақты жауап алуға мүмкіндік береді.

Осы күні жеті тұрғын төрағаға сұрақтарымен жүгінді.

О.Латун отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында бірнеше рет құқыққа қарсы әрекет жасаған жұбайын жауаптылыққа тарту тәртібіне қатысты сұрақ қойды. 

Успен ауылының азаматы А.Ви балық аулау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту заңдылығы туралы мәселемен жүгінді.

Медиатор В.Свиридонов пен азамат С.Флюнт ауылдағы татуластыру рәсімдерін дамыту мәселесін, соның ішінде, кәсіби емес медиатор жұмысының белгіленген төлемі және медиациялық келісімді мәжбүрлеп орындау тәртібін түсіндіріп беруді өтінді.   

Баянауыл ауданының белсенділері, ауыл ақсақалдары М.Рахметов пен С.Ысқақов жергілікті сот қызметіне қатысты сұрақтар қойды. 

Тұрғындар барлық сұрақтарға толық тиянақты жауап алды. Мұхтар Смағұлов жекелеген мәселелер бойынша аудандық соттардың төрағаларына арыз берушілердің дәлелдерін мұқият зерделеуді тапсырды.

Қайнар: 
Пресс-служба Павлодарского областного суда