Павлодар облыстық сотының судьялары Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқарушылық заңнамаларын одан әрі жетілдіру» тақырыбына  2016 жылғы 18 қарашада өтетін парламенттік тындау қарсаңында қылмыстық заңнаманы әрі қарай жетілдіру бойынша мәселелерді талқылау үшін Павлодар облыстық сотының судьялары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.  

Іс-шараға Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов, Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Е.Жанғазин, сонымен қатар, Павлодар облысының аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Іс-шараны аша отырып,Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов осындай кездесулерді өткізудің маңыздылығын белгілеп өтті. М.Смағұлов: «Бүгінгі біздің кездесуіміз қылмыстық әділет саласында заңнаманы әрі қарай дамыту мәселесін дамытуға арналған. Сот саласы заңнамаға жеткілікті жақын болып келді. Сот – тек қана сот төрелігін жүзеге асыратын орган ғана емес, сондай-ақ, қабылданатын заңдар сапасының негізгі «экзаменаторы» болып келеді. Соттар, әсіресе істердің басым бөлігі қаралатын жергілікті соттар талдау қызметімен айналыса алады, заңнама органдарына қолданыстағы нормативтік актілердегі қайшылықтарды жедел жоюға көмектеседі», - деп атап өтті.

Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Қожахметов қылмыстық заңнамада қолданылатын тиімділіктер бойынша кейбір жинақтаулар туралы, олардың болашақта қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқарушылық кодекстерге түзетулер енгізу негізіне жата алатыны туралы хабардар етілді.

Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Е.Жанғазин кейбір қылмыстық теріс қылықтарды әкімшілік құқық бұзушылық құрамына көшіру туралы, тергеу судьялар институтын дамыту мәселесі қозғалды, сонымен қатар, жеке айыптау істерін қарау кезінде судьялар қандай қиындықтарға тап болатыны туралы атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар құқық үстемдігін қамтамасыз ету және қылмыстық заңнаманы дамытуды жетілдіру мақсатында осындай диалогты өткізу қажеттілігі туралы бір пікірге келді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі