Павлодар облыстық сотында ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу туралы дау партисипативтік келісімді бекітумен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

У. сотқа өзінің бұрыңғы күйеуінен ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызымен жүгінді. Бірлесіп тұрған мүлікті  бөлу үшін, кәмелетке толмаған  баланың мүдделерін ескере отырып, үш бөлмелі пәтердің 2/3 үлесін және екі автокөліктің ½ үлесін анықтауды сұрады.

Бірінші сатыдағы сот талаптарды жартылай қанағаттандырды. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін автокөлік пен пәтердің ½ үлесіне иелік етуі анықталды. Олардың үлесіне сәйкес ерлі-зайыптылардың арасында алынған сома кейінгі табыстарды бөлумен, жария саудаға салып сатудан пәтерді сатуға қаулы етті, себебі тараптар пәтерді бірігіп сату туралы келісіміне келген жоқ.

Бұрынғы жұбайы (іс бойынша талапкер) соттың шешімімен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағымымен жүгінді.

Апелляциялық сатыдағы сот талқылауы барысында тараптар партисипативтік келісім жасады, оның шарты бойынша бірлескен пәтерді дербес сатып, сатудан түскен соманы, яғни ½ үлесті олардың үлестеріне сәйкес  бөлуге келісті.

Айта кететін мән, бітімгершілік рәсімдерін қолдануда тәжирибесі бар адвокаттардың аталған істе белсенді қатысуы тараптарға басқа да даулы мәселелерді шешуден басқа, кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін аңықтау жөнінде - сот толқылауы мәніне жатпайтын мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. 

Апелляциялық алқамен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Барлығы облыс Павлодар соттарында әр түрлі азаматтық істер санаттары бойынша 13 партисипативтік келісім жасалды.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі