Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ресми сапары өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Козимджан Камилов бастаған судьялар делегациясы Шымкент қаласына ресми сапармен келді.

Іс-сапар шеңберінде өңірдің мамандырылған соттарының қызметімен таныстыру өткізілді. Шетелдік делегацияға елдегі сот жүйесінің ақпараттық коммуникациялық технологияларының жұмысы ұсынылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотынының ғимаратында Қазақстан Республикасының жоғарғы сот органының басшысымен кездесуі өтті. Әңгіме басында Қ.Мәми К.Камиловты Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазыма тағайындалуымен құттықтады. «Біздің алғашқы кездесуіміз Шымкент қаласында өтуде, бұл біз үшін, көрші және туысқандық елдер үшін өте қасиетті», - деді Қ.Мәми.

Одан әрі, Өзбекстан тарабы республика сот жүйесінің жұмысымен және Елбасы бастамашылық еткен Ұлт Жоспарының шеңберіндегі сот реформасының негізгі жетістіктерімен таныстырылды. Енгізілген жаңашылдықтардың практикалық нәтижелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осылай, сот сатыларын оңтайландыру нәтижесінде сот дауларын қараудың ең ұзақ мерзімі екі есеге қысқартылды. Бүгінгі таңда азаматтық істердің көпшілігі тараптарды сотқа шаруынсыз жеңілдетілген өндіріс тәртібімен қарастырылады. Елдегі қылмыстық істердің төрттен бір бөлігі 10 тәулік мерзімге дейін жеңілдетілген процедура бойынша қарастырылады.

Сонымен қатар, Қ.Мәми бітімгерлік процедураларды және медиацияны енгізудің қазақстандық тәжірибесіне, Халықаралық Кеңестің қызметіне тоқталып өтті. Электрондық сот төрелігін жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, сот білімін алу және республиканың Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі Академиясының қызметіне көңіл бөлінді.

Кездесу барысында өзбекстандық тарап соттарды реформалау және электрондық технологияларды енгізу бойынша қазақстандық атқарылған жұмыстарға қызығушылықтарын танныты.

Кездесу соңында Қазақстанның Жоғарғы Сот Төрағасы өткізілген кездесу үшін алғысын білдіріп, оның маңыздылығын атап, а.ж. Ташкент қаласында өтетін ШЫҰ мүше елдерінің жоғарғы сот төрағаларының кезекті Кеңесінің барысында екі елдің жоғарғы соттары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою бойынша ұсыныс білдірді. Аталмыш құжат Қазақстан мен Өзбекстан сот органдарының қарым-қатынасының басты бағыттары мен формаларын белгілейді.

Кездесу аяқталғаннан кейін шетелдік делегация Қ.Мәмидің төрағалығымен өткен өңірлердің қосылуымен бейне-конференцияға қатысты. Тақырыбы: «Электрондық сот төрелігінің өзекті мәселелері». БКБ шеңберінде Жамбыл облысындағы «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын өткізу мәселесі, Батыс Қазақстан облысындағы бұйрықтық өндірістегі істерді электрондық түрде қарастыру практикасы, сондай-ақ, басқа да бірқаратар пилоттық жобалар талқыланды. Сонымен қатар, енгізулерді қорытындылап, «Талдау» форумын одан әрі дамыту бойынша, аудиобейнежазбалар жүйесін қолдану, оның ішінде ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің ұйымдарымен бейнеконференц байланысын қолдану бойынша тапсырмалар берілді. «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-сарапатамалық жүйесін әрі қарай дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

БКБ аяқталысымен Жоғарғы Сот Төрағасы жақын арада 2018-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларының стратегиясы қабылданатынын атап өтті. Аталмыш стратегияда электрондық сот ісін жүргізу бойынша алдағы жобалар кіретін болады.

Қайнар: 
Пресс служба Верховного Суда РК