Өскемен қаласы судьяларының қатысуымен «Шешім қабылдау үрдісі мен механизімін модельдеу» тақырыбында іскерлік ойын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, облыстық соттың судьялары Елдос Жұмақсанов, Лаура Қайырбаева, Анжелика Володкина, Габдулхай Ситдиков, Өскемен қалалық сотының төрағасы Бауыржан Тайтөлеуов қатысты.

Өскемен қалалық сотының судьясы Шолпан Манжуева жас судьялардың қызметіндегі  негізгі фактор барлық қойылған талаптарға сәйкес сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатындығын атап өтті.

Жас судьялар Айжан Үсенова, Динара Аманжолова, Руслан Әбішев, Ержан Әкімбеков және Медет Ибраев азаматтық іс бойынша тараптар және олардың өкілдері ретінде қатысып, ойын түріндегі сот мәжілісін көрсетті.

Ойын түріндегі сот мәжілісі аяқталысымен судьялар 3 топқа бөлініп, нақты шешім қабылдау үшін, оларға ахуалдық тапсырмалар берілді. Бұл ретте, судьяларға көмек құралдары ретінде заңнамалар (АПК, АК, олардың түсініктемелері) берілген жоқ. Бұл жағдай оларға қойылған тапсырманы күрделендіре түсті. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Д. Әбдіғалиев жеке тапсырма берді.

Әрбір топ сот мәжілісінің бейнежазбасын көріп, ондағы тараптардың өзін-өзі ұстауына назар аударды. Судьялар тараптардың өзін-өзі ұстауына баға беріп, мұндай жағдайда қандай шара қабылдайтындықтары туралы айтып берді.  

Ойын соңында жас судьяларға келешекте ойын барысында кездескен қателіктерге жол бермеу мақсатында нақты ұсынымдар берілді.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі