Оралда сот жол көлік оқиғасынан зардап шеккендердің пайдасына 4 миллион теңге өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Жаңакала аудандық соты жол көлік оқиғасы салдарынан өмірлеріне қауіпті ауыр жарақат алған ер азаматтардың материалдық және моральдық залал өндіру туралы арызын қанағаттандырды.

Оқиға жауапкердің мас күйінде автокөлікке соқтығысқанын болған, яғни  талапкердің автокөлігі сынып, өтіп жатқан көліктерден көмек сұрап, автокөліктерді тіркеп жатқан уақытта жауапкер талапкердің көлігіне соқтығысқан. Бұл уақытта жәбірленушілер (әкесі мен ұлы) екі көліктің ортасында болған.

Сараптама қортындысына сәйкес, екі жәбірленуші ауыр жарақат алып, біреуінің оң аяғы, екіншісінің сол аяғы ампутация жасалған, сонымен қатар көптеген жақататтар мен жабық сынықтар болған.

Аталған факті бойынша жауапкерге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 2-бөлігіне сәйкес (автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) қозғалған қылмыстық іс Жаңақала АІІБ-нің қаулысымен «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 1-тармағына сай тоқтатылған.

Талапкерлер жол көлік оқиғасына кінәлі болған жауапкерден 5 565 525 теңге өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, сот отырысында талапкерлер жол көлік оқиғасы салдарынан тән азабы мен жан азабын шеккендерін, сондықтан жауапкерден 1 565 525 тенге материалдық және 4 000 000 моральдық залал өндіруді сұраған.

Сот отырысында жауапкер талаптың материалдық шығын өндіру жөніндегі бөлігін мойындап, қалған бөлігін қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады.

ҚР АПК-нің 76-бабының 4-бөлігіне сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылған тұлға жасаған іс-әрекеттің азаматтық-құқықтық салдары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қою кезінде қайта дәлелденбейді.

ҚР АК-нің 917-бабының 1-бөлігіне сай, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Сот іс материалдарын зерттеп, талап қоюшылардың iзгiлiк қасиетiне келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективтi түрде бағалап, сондай-ақ олардың жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректерді, құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығын, 2-топтағы мүгедектікке әкеп соққанын, олардың өмiр сүру, яғни отбасылық, тұрмыстық, материалдық, денсаулық жағдайларын, жас мөлшерін ескеріп және ақыл-парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге ала отырып, талап арызды ішінара қанағаттандырып, жауапкерден талапкерлердің пайдасына

1 157 243 тенге көлемінде материалдық және 2 842 757 теңге моральдық, барлығы 4 000 000 теңге өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс-служба Западно-Казахстанского областного суда