Оралда сот тұрғын үйді жалға алу келісім шартын жарамсыз деп тану және балалар үйінің тәрбиеленушісін отбасы мүшелерімен бірге көшіріп жіберу туралы талап арызды қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық №2 сотына  «Орал қаласының тұрғын уй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі азаматша К-ге жалға алу туралы келісім шартты жарамсыз деп тану және бірлесіп тұрып жатқан адамдармен бірге басқа тұрғын жай бермей көшіріп жеберу туралы талап арызымен жүгінді. Талапкер өз талабында прокуратура органдарының тексерісі нәтижесінде жауапкерге мемлекет қорынан зансыз баспана берілгенін айтқан.

Талап арызымен келіспеген жауапкер «Орал қаласының тұрғын уй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не оның және балдарының тұрғын үйді пайдалануға заңды құқығын тану және мәселе шешілгенше жалға алу туралы келісім шартты жанартуға міндеттеу туралы қарсы талап арыз түсірген.

Талабына дәлелі ретінде ол тұрғын үй әкімдіктің қаулысына сай, кезінде жетім ретінде алған және онда 8 жыл бойы кәмелет жасқа толмаған балаларымен бірге тұрып келген, жатақханадағы төтенше жағдайда болған бөлмесінің орнына уақытша берілгенін көрсетті. Әлі де мұқтаж мәртебесіне ие екенін, тұрғын үй алуға кезекте тұрғандығын, сондықтанда кім де біреудін құқығын  және заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтіні туралы айтты.

Сот істің құжаттарын зерттеп, ММ-нің тұрғын үйді жалға алу келісім шартын жарамсыз деп тану және балалар үйінің тәрбиеленушісін  отбасы мүшелерімен бірге көшіріп жіберу және азаматша К-нің  қарсы талап арызын келесідей негіздемеде қанағаттандырудан бас тартты.

Сотта анықталғандай тұрғын үй комиссиясының 24.08.2016 ж. шешімі және Орал қ. әкімінің 30.09.2016 ж. қаулысы негізінде жауапкерге және оның отбасы мүшелеріне тұрғын үй қорынан жалға алу шарты жасалып тұрғын үй берілген.

Мемлекеттік мекеме 16.04.1997ж.  №94-1 ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сілтеме жасап, яғни тұлғалардың заңсыз іс әрекеттер нәтижесінде тұрғын үйді жалға алу келісім шарты жасалып тұрғын үй алғандығы анықталса бірлесіп тұрып жатқан адамдармен бірге басқа тұрғын үй-жай бермей көшіріп жіберу тиіс дей отырып, қандайда бір сотқа дәлелдеме келтіре алмады.

Сот отырысында талапкер өкілінің жауапкерге басқа тұрғын жай берілмей көшіріп жіберуге туралы Заңның 107 б. қарастырылмағаны туралы дұрыс анықталған және расталған. Сонымен қатар, жауапкер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жатады және белгіленген тәртіппен тұрғын уй  алуға мұқтаж екені анықталып, тұрғын үй алу үшін есепке қойылған. Сол себеппен басқа тұрғын үй-жай берілмей көшіріп жіберу жоққа шығарылды. Осыған байланысты, көрсетілген жағдайлар негізінде ММ-нің талабы қанағаттандлылмады.

Сот сонымен бірге, азаматша К-нің тұрғын үйді пайдалануды заңды деп тану  туралы қарсы талап арыз да қанағаттандырмады.  Тұрғын үй комиссияның шешімі мен Орал қ. әкімдіктің қаулысына сай тараптардың жалдау шарты бұзылмаған және жарамсыз деп танылмаған, сондықтан сот қарсы талап қоюды қанағаттандыратындай негіз жоқ деп тапты. Сонымен бірге, шарт жасасу бостандығы туралы азаматтық құқық принциптерінің бұзылуына сәйкес, жауапкерді мәселе шешілгенше жалға алу туралы келісім шартты жанартуға міндеттеу туралы қарсы талап арызды да қанағаттандырмады.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Батыс-Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі