Оралда сот монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін "Жайыкмұнай" ЖШС-ні мемлекет кірісіне 300 миллионнан астам теңге төлеуге міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Кәсіпкерлік Кодексімен (174-бап) тыйым салынған, монополиялық жағдайын пайдаланған, монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісі бойынша "Жайыкмунай" ЖШС-не (бұдан әрі - Серіктестік) қатысты ӘҚБтК 159 б. 3 б. бойынша әкімшілік істі қарады.

Сот анықтағандай, Серіктестік жеткізу шарты негізінде газ желісі ұйымдары арқылы сұйытылған мұнай газын көтерме жеткізуді жүзеге асыру бойынша БҚО-ның ішкі нарығындағы үлесі 100% құрайтын, сұйытылған мұнай газын БҚО-да жалғыз өндіруші және жеткізуші болып табылады.

Серіктестік мердігерлік қызметтер туралы «Нефтьстройсервис" ЖШС-мен көптеген әртүрлі қызметтер қарастырылған, келісім-шарт жасасқанына қарамастан, 2016 жылдың ақпанынан бастап газ желісі ұйымдарына сұйытылған мұнай газын қосымша құю қызметі бойынша газ тасығыштарға қосымша төлем міндеттеп, нәтижесінде БҚО-ның ішкі нарығында газдың бөлшек саудасы бағасының артуына әкеп соққан. Дейтұрғанмен, уәкілетті орган ҚР энергетика Министрлігі атынан, тоқсан сайын сұйытылған мұнай газын өндірушілерге Қазақстанның ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын іске асыру үшін шекті көтерме сауда бағасы белгіленіп отырады.  

ҚР "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңының 27-бабы 3-бөліміне сәйкес, өкілетті орган ай сайын сұйытылған мұнай газын өндірушіні және көтерме саудамен жеткізушіні, сондай-ақ ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын іске асыруға құқығы бар газ желісі ұйымдарын анықтайды. Осылайша, газ желісі ұйымдары құю бойынша қызметтер көрсету үшін қосымша келісім-шарт жасап, газ желісі ұйымдарын құю үшін Серіктестікке қосымша ақы жүргізуге мәжбүрлеп, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің. 174 б. 4), 9) т. көзделген тыйым салынған әрекеттер жасап келген Серіктестікке бағынышты болған.

Есептеулерге сәйкес, 2016 жылдың ақпанынан қарашасына дейін сұйытылған мұнай газын негізсіз мәжбүрлеп құю қызметі нәтижесінде алынған табыс 529 322 115 теңге. Құю қызметтер үшін негізсіз ақы алу нәтижесінде алынған монополиялық табыс сол кезең үшін 339 468 661 теңгені құрады.

Іс материалдарын зерделей келе, сот ӘҚБтК 159 б. 3 б. бойынша "Жайықмұнай" ЖШС-ін кінәлі деп таныды және 339 468 661 теңге монополиялық табысын мемлекет пайдасына тәркілеп, монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстан 5% көлемінде, 26 466 105 теңге 75 тиін айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі