Оралда сот клиенттің есеп-шотын бұғаттау бойынша банктің іс-әрекетін заңсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотына азамат П. жауапкердің банктік және карточкалық есеп-шоттарын бұғаттау бойынша банктің іс-әрекетін заңсыз деп тану, бұғатталған шоттарды ашуды міндеттеу, ұсталған қаражатты кейін қайтаруды жүзеге асыру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта талапкер мен жауапкер арасында банктік қарызбен шарт жасалып, талапкерге ай сайын 17 229 теңге төлеумен, 24 ай мерзімге 380 402 теңгені құрайтын несие берілгендігі анықталды. Талапкер тарапынан банктік қарыз бойынша қайтару орындалмағанын ескере отырып,  банк талапкердің кәмелет жасқа толмаған баласын асырауға өндіріп отырған алиментінің «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ғы және «Қазпошта» АҚ-ғы шоттарына банктік  төлем талабын қойған. 

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 36-бабына сәйкес, төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде қарыз алушы алатын ақшаны қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, мемлекеттік бюджеттен және қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуға болмайды.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңының 98-бабының 2, 12 тармақтарына сәйкес, асыраушысынан айрылуына байланысты балаларға берiлетiн жәрдемақы түрiнде борышкер алатын сомалардан және кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерден төлем ақыны өндiрiп алуға болмайды. Қолайсыз болып табылатын көрсетілген соманы шектеу асыраушысынан айырылуына байланысты, балаларға берілетін жәрдемақы мен кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттер қарыз берушінің кірісі болып табылмайды, себебі ол кәмелеттік жасқа толмаған балаларды асырап бағу үшін тағайындалған, қазіргі уақытта қарыз берушінің есеп-шоты осындай қаражатты қабылдау үшін пайдаланылып келеді.     

Сот іс материалдарын зерттей отырып, талапкердің шотын бұғаттау бойынша банктің іс-әрекетін заңсыз деп таныды. Аталмыш іс-әрекет және түскен қаражатты даусыз есептен шығару, бұл қарыз өндіруді жүзеге асыру, яғни борышкер өзіне тиесілі мүлікке ғана жауап береді, жәрдемақы мен кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттер төлемге жатпайды. Сонымен бірге, сот банктің есеп-шотты бұғаттап тастаған уақыттағы ақшалай қаражатты толық түрде қайтаруды талап етті, сондай-ақ, жауапкер өкіліне төленген шығынды және мемлекеттік баж салығын өндірді. Жауапкердің бұғаттауды ашуына байланысты, оны ашуға міндеттеу бөлімінен бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі