Оралда әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация арқылы шешу әдістері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оралда «Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оны медиация мүмкіндіктерін қолдану арқылы шешу әдістері»  тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев, облыстық соттың судьясы Ерлан Идиров, үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау және мемлекеттік ұйымдардың сонымен қатар, облыстың медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» азаматтық бастамаларды қолдау Орталығы және ҚР дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі Министрлігінің «Әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтауға арналған медиация институтын қолдану» мемлекеттік гранты аясында республикалық жобаны іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

 «Қазақстан медиаторлар ассоциациясы» ОЮЛ бас директоры Жанділдә Жакупов өз сөзінде  жобаның халықтар бірлігін нығайтуға және қоғамдық келісімді сақтау үшін сындарлы оң қарым-қатынасқа негізделген, медиация институтының мүмкіндіктері мен диалог алаңын, әріптестік мемлекеттік және ҮЕҰ тиімділік механизмдері арқылы өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу нұсқаларын табуға, алдын алуға және анықтауға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік жоба таныстырылып, оның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.

Шараны ұйымдастырушылар «дөңгелек үстелдің» мақсаты кәсіби емес және кәсіби медиаторларды, жергілікті қауымдастықта беделді және танымал қоғамдық белсенділерді тарту, әлеуметтік мәселелерді талқылау және даулар мен келіспеушіліктерді шешуге арналған тұрақты диалог алаңын құру, жергілікті билік қауымдастығының ресурстарын тарта отырып, медиация механизмдерін пайдалану арқылы оларды шешудің жолдарын табу екендігін атады.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі