Оралда әкімшілік іс жүргізуде азаматтардың құқықтарын сотта қорғау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында судьялар, прокуратура және ішкі істер органдары қызметкерлері әкімшілік іс жүргізу барысында азаматтардың құқықтарын сот қорғау мәселелерін талқылад

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев мемлекеттік органдар мен сот жұмысының негізгі мақсаты заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау екенін атап өтті.

Талқылауға қатысушылар қалалық прокуратураның ведомстволық бағыныстылығы бойынша мемлекеттік органдардың іс-әрекетіне және қаулысына шағым келтіруді қайтару және беру азаматтардың құқықтарын сотта қорғауды бұзатыны жайлы айтылған хатына тоқталды. Сонымен қатар, Орал қ. Мамандандырылған әкімшілік сотының (МӘС) судьясы Роза Сариева ӘҚБтК-нің 44, 45 баптарына сәйкес материалдарды ведомстволық бағыныстылығы бойынша беру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сот арқылы қорғалу құқықтарынан ешқандай айырмайтынын түсіндірді. Өйткені уәкілетті органның қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда олардың сотқа жүгінуге құқығы бар.  

Орал қ. МӘС судьясы Б.Нұрмағамбетов өз баяндамасында ӘҚБтК-нің 50-бабына сәйкес әкімшілік жаза ретінде қамауға алу халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (1 және 2 топтағы мүгедектер, 58 жастан асқан әйелдер, 63 жастан асқан ерлер, жүкті әйелдер және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер) қолданылмайтынын айтты. Спикердің айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу барысында өкілетті органға мұқият тексеру жүргізу ұсынылған. Жауапкершілікке тартылған тұлғаның өзінің дәрежесі туралы хабарламауы, яғни, 1, 2 топтағы мүгедек, 14 жасқа дейінгі баласы болуы немесе жүктіліктің алғашқы айларында болу жағдайы туындауы мүмкін. Сондықтан осындай жағдайда қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындау жауапкершілікке тартылған тұлғаның құқықтарын бұзады.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР ӘҚБтК-нің нормаларын сақтау бойынша ұсыныстар әзірледі.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі