Оңтүстік Қазақстан облыстық соты балалардың тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы дауды қарау барысында партисипативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен талап қоюшы О.-ның жауапкер С.-ға, мүдделі тарап – Шымкент қаласының білім бөліміне балалардың тұрғылықты мекенжайын анықтау туралы қойған талап қою арызын қанағаттандырудан бас тартылды.

Талап қоюшы О. аталған сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағымында шешімді өзгертуді, ұлының өзімен бірге тұруын анықтап беруді сұраған.

Апелляциялық сатыда істің қаралуы барысында балалардың мүдделері ескеріліп, тараптардың адвокаттарына дауды партисипативтік рәсім тәртібімен  реттеу мүмкіндігі түсіндірілген.

Нәтижесінде, тараптардың адвокаттары арасында дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасалып, оның шарттары бойынша тараптар қыз баланың тұрғылықты жерін анасымен бірге, ал, ұл баланың тұрғылықты жерін әкесімен бірге айқындау туралы өзара келісімге келген.

Апелляциялық алқа ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі