Нотариустың зейінсіздігі сот дауына алып келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық соты ШҚО Нотариалдық палатасына қатысты нотариустық қызметті атқарған нотариустың салғырттығына байланысты жеке ұйғарым шығарды.

Жеке ұйғарым Е.Попова, В.Шушаковадан, Л.Андриенкоға қатысты мұрагерлікті жарамсыз деп тануға байланысты арызы негізінде қаралған азаматтық іс бойынша шығарылды.

М.Андриенкодан жауапкер атына нотариус Ш.Тлеуғабыловамен куәлік етілген өсиетхатта жер учаскесіне меншік құқығы мен бақша үйі, «ВАЗ 2109» маркалы автокөлік және басқа мүліктердің барлығы қайтыс болған күнінде жауапкерге тиесілі болуы әлбетте мүмкін емес болғандықтан сотпен жарамсыз деп танылды.

Сот талқылауы барысында М.Андриенко 2016 жылдың 15 қаңтарында 00 сағат 30 минут кеткенде қайтыс болған. Оның егіз інісі жауапкер Л.Андриенко қайтыс болған жанның куәлігімен нотариус Ш.Тлеуғабыловаға жүгініп, ол 2016 жылдың 15 қаңтарында сағат 16 сағат 44 минут кезінде қайтыс болғанның атынан жауапкердің атына жер учаскесіне меншік құқығы мен бақша үйі, «ВАЗ 2109» маркалы автокөлік және басқа мүліктердің барлығына қатысты өсиетхат рәсімдеген.

Семей қаласының орталық полиция бөлімшесінің анықтау бөлімінің аға анықтаушысының қаулысымен Л.Андриенкоға қатысты қылмыстық іс жәбірленушілермен татуласуға байланысты тоқтатылды.

Азаматтардың құқықтарын қорғауда әрі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында сотпен Ұлттық палата және ШҚО нотариустеріне аталған фактілерге қатысты тиісті шара қолдану назарға алынсын делінді.

Жеке сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі