Маңғыстауда рухани жаңғыру тетіктері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында ҚР Жоғарғы Сотының «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел қарарын іске асыруды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Іс шараны  Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселені жіктеп, сот жүйесінің алдында тұрған міндеттерді айқындады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қуатты мемлекет құру үшін тек экономикалық-саяси, әлеуметтік жағынан ғана дамып қоймай, рухани жағынан да даму қажеттілігін осы мақаласында айтып өткен. ХХІ ғасыр халқы жан-жақты дамыған, озық ойлы, білімді, саналы және патриот болуы қажет. Ол үшін мақалада нақты бағыт-бағдар берілген. Соның желісімен облыстық сотта тақырыптық медиа-жоспарлар бекітіліп, жергілікті әкімдік, басқарма басшыларымен, өнер, мәдениет қайраткерлерімен байланыс орнату жұмыстары басталды. Алқа төрағасы облыстық білім басқармасымен, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасымен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға отыру туралы ұсыныс білдірді.

Оқу орталығының жетекшісі Гүлажар Бақытжанова судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің рухани-мәдени білімін жаңғырту мақсатында зиялы қауым өкілдерімен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесу және жергілікті ғалым-өлкетанушылармен ғылыми  конференция өткізу мәселесін көтерді.

Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова облыстық сотта музей ашу, экспонаттар қорын байыту, жас судьялар мен сот мәжілісі хатшылары арасында зияткерлік конкурс өткізу мәселелерін ортаға салды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар айтылған ұсыныстар мен бастамаларға қолдау көрсетіп, орындауға кірісетіндерін жеткізді. 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі