Маңғыстауда аудандық соты алғашқы төрағасының есімі көшеге беріліп, мемориалды тақта орнатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы соттарында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының орталығында сот саласының ардагері, Бейнеу аудандық сотының бірінші төрағасы Қалмұрат Сабырбаевтың есімі Бейнеу кентіндегі көшелердің біріне беріліп, бұрын өзі тұрған Ж.Қалдықарев көшесіндегі №32 үйге мемориалды тақта орнатуға бағытталған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты іс-шарада Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Басшы Әзірханов, Судьялар одағының Маңғыстау облыстық филиалының өкілі, Бейнеу аудандық сотының төрағасы  Иниятулла Досетов, Бейнеу аудандық әкімдігінің аппарат басшысы Үміт Әмірханова, сот саласының ардагері Керек Қабақов құттықтау сөз сөйледі. Қалмұрат Сабырбаевтың көзін көргендер оның Бейнеу ауданында аудандық сотты ашып, оның қалыптасуына зор үлес қосқанын, жоғары сауаттылығы мен тәжірибелілігін, қарапайым мінезі мен адамгершілік қасиеттері туралы естеліктер айтты.

Қалмұрат Сабырбаев Ұлы Отан соғысының ардагері, көптеген марапаттардың иегері екенін де атап өту керек. Ол 1973-1976 жылдары Бейнеу аудандық сотының бірінші төрағасы болып, сол қызметтен құрметті зейнеткерлікке шыққан.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі