Маңғыстау облысында сот Экологиялық кодекстің талаптарын бұзғаны үшін ЖШС-дан 100 млн. теңгеден астам қаржы өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты өңірдегі экология департаментінің «Оil Ecolоgy» ЖШС-нен   қоршаған  ортаға залал келтіргені үшін 02 860 123 теңге өндіру туралы азаматтық талабын қанағаттандырды.

Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесіне сәйкес, ЖШС Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 321-бабында көрсетілген талаптарды бұзған, яғни, олар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алмай-ақ, 566,66 тонна мұнай қалдықтарын қауіпті қалдықтарды уақытша сақтау аумағында сақтаған.

Экономикалық соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар