Маңғыстау облысында даулардың сотқа дейнгі реттелуін енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында 4 азаматтық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба негізінде қарыз өндіру туралы 4 азаматтық іс қаралды.

Қарыз өндіру туралы талап арыздар іс жүргізуге қабылданып, іс қозғалған соң, сот тараптарға даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы, кәсіби медиаторлар тізімі, талап арыз көшірмелері, істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымның көшірмелерімен бірге  жазбаша хабарламалар жолдаған.

Тараптар осы пилоттық жобаға қатысу туралы өтінішхаттарын беріп, сол өтінішхаттарының негізінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу туралы өзара келісімге келді.

Осы пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6)-тармақшасына сәйкес, судья тараптардың  дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы жасаған келісімдерін бекітіп,  іс жүргізуді тоқтатты.

Судья тараптарға іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайдағы салдарын түсіндірді.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі