Маңғыстау облыстық соты жаңа заңнамалардағы жаңашылдықтарды талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалпы отырыс жұмысын аша келе, Ж.Аланов Конституция бойынша 25 бапқа, Президенттің өкілеттігін бөлу туралы 36 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігіне, Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасына айналғандығын айтып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу  арқылы еліміз  жаңа бір дәуірге қадам басатындығына тоқталды.

Аталған шара барысында Маңғыстау облыстық сотының судьясы А.Молбаева Конституцияның 79-бабының 3-тармағы республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар, 81-бап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 83-баптың 1-тармағындағы   прокуратура туралы өзгерістердің мәнін ашып түсіндірді. 

«Ата Заң – біз үшін алдағы уақытта да өзіміздің биік мақ­сатымыз, азаматтардың дәулетті де лайықты өмір сүруіне барлық жағдай жасалған тәуелсіз экономикалық өркенді мемлекет құру жолындағы ілгері басуымыздың негізін қалаушы басты құжат болып қала береді»,- деді А.Молбаева.

 Облыстық соттың судьясы Г.Бақытжанова «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі» туралы Заңдарына, Бюджет және Салық кодексі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңындағы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы толықтырып айтып өтті.

Облыстық соттың судьялары Ш.Есбағанбетов пен Х.Қаженова Қазақстан Республикасының Жер кодексі туралы баяндама оқып, Маңғыстау облыстық соттары 2015-2016 жылдары қараған жер қатынастары даулары бойынша мәлімет келтірді.

Іс-шара соңында сот төрағасы заңнамаларға енгізілген түзетулердің артықшылықтарын айтып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі