Қызылорданың №2 соты 2017 жылдың 3 шілдедегі заңдарға жаңадан енгізілген өзгерістерді қолданып, сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының № 2 сотында  үш  қазақстандық азамат пен  екі Қытай азаматтарына  қатысты  төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты  төлеуден  жалтарған   қылмыстық   іс  қаралды.

Сот анықтағандай,  2011 жыл мен 2014 жыл аралығында «Сибу Қызылорда инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС-нің жалпы сомасы 1 301 822 961 теңгені  қосымша есептелген салығын  төлеуден  жалтарған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылдың 3 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 26-тармағында ҚР ҚК-нің 245-бабы мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылған: «Осы бапта көзделген іс-әрекетті алғаш рет жасаған адам (қылмыстық топ жасаған іс-әрекетті қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және  бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады».

Сотталушылар ерікті  түрде төлем тапсырмасына  сәйкес 1 301 822 961 теңге  салықты  толық  төлеген.

Сот қаулысымен аталған заңның қолданылуымен сотталушылардың жағдайын өзге де түрде жақсартуымен қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды. Сотталушылар қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі