Қызылорда облыстық сотында жер қатынастарынан туындайтын дауларды сот тәртібімен қарау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотында өткен «дөңгелек үстелде» жер қатынастарынан туындайтын дауларды сот тәртібінде қараудың кейбір аспектілері, мемлекетке тиесілі жер телімдеріне өз бетімен салынған тұрғын үйлерге меншік құқығын тану туралы дауларды қарау және шешу тәртібі мен ерекшеліктері талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев, қалалық соттың төрағасы мен облыс соттарының судьялары, ауылдық округтердің, кенттердің әкімдері мен мамандары және Қызылорда сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің басшысы мен мамандары қатысты.

Іс-шараны облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев ашып, жер құқықтары қатынастарынан туындайтын даулардың статистикалық деректеріне тоқталды. Әділхади Шығамбаев өз сөзінде жер даулары ауыр санаттағы істерге жататын болғандықтан заңнамаларды нақты қолданып, оларды қарау барысында қатысушы тараптардың мүддесінің сақталуын қатаң назарда болу қажеттігін айтып өтті. 

«Дөңгелек үстелде» қалалық соттың судьялары Эльмира Ахметова, Ахметжан Есдаулетов, Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаевтар сөз сөйлеп, жер қатынастарынан туындайтын мәселелерге нақты тоқталды.

Баяндамашылар жер қатынастарынан туындайтын даулардың сотпен реттелуі, оны қолдану тиімділігі және туындаған кедергілер туралы айтып өтті.

Мәселен қалалық соттың судьясы Э.Ахметова өзінің баяндамасында жер құқықтық қатынастар мәселелерін реттейтін заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің судьялардың жерге қатысты дауларды жан-жақты және объективті қарап, дұрыс және әділ шешім шығаруына ықпалын тигізетінің айтты.

Судья Ахметжан Есдаулетов дауды шешу барысында соттар бірінші кезекте даудың туындау себебін, яғни жер учаскесіне құқық беру тәртібі сақталғандығын анықтайтынын жеткізді.

Шара соңында «Дөңгелек үстелге» қатысушылар жер дауларына қатысты істерді сот тәжірибесінде қарау барысына тоқталып, өзара пікір алмасты. 

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі