Қызылорда облыстық сотында сот актілерінің орындалу мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Дөңгелек үстел» қатысушылары әкімшілік жаза тағайындалған қаулыларды орындауға жіберу және орындау мәселелерін талқылады.

Іс-шараға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шиғамбаев, судьялар, облыстық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Нұрымжан Саймов, облыс прокурорының аға көмекшісі Асқар Кемалов, қалас прокурорының көмекшісі Руслан Алатаев, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шиғамбаев сот актілерінің орындалуы сот төрелігінің ең маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.

«Дөңгелек үстелде» баяндамашы облыстық сотының судьясы Молдабек Ахметов заңды күшіне енген сот актілері барлығына міндетті, әрі республика аумағында қатаң орындалуы тиіс екендігін жеткізді. «Сот актілерінің уақтылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, мемлекеттің мәртебесін де айқындайтындықтан, аталған мәселеге жауапкершілікпен қарау керек», - деді М.Ахметов. Сот актілерін орындау барысында туындайтын проблемалар туралы шара барысында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Мейрамбек Ибрашев, судья Гүлмира Ысқақова, жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Нұрымжан Саймов сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары сот актілерін орындау бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі