Қызылорда облыстық сотында Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың талқылауына облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев, облыстық, мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, қала прокуроры Елжан Әжібеков, облыстық ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов, жергілікті полиция қызметінің басшысы Ермек Құдайбергенов, медиаторлар мен адвокаттар қатысты.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер Кодекс қағидаларын ізгілендіруге және азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтті.

 Іс-шара барысында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары  Гүлмира Ысқақова, Олжас Әбдіхалықов ӘҚБтК-ге жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қолданылатын жазалар және көлікке мас күйінде отырған мүгедек адамдарды көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы тармақ қосылғанын жеткізді.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, құқық қорғау органдарының өкілдері біркелкі жұмыс тәжірибесін қалыптастыру үшін тиісті ұсыным қабылдады.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі