Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – Шығыс халықтарының көнеден келе жатқан мейрамы, табиғат пен тіршілік жаңаратын бұл күн біздің елімізде Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес бұл мереке мемлекеттік деңгейде аталып келеді. Осы уақыттан бастап Наурыз біздің қоғамда бірлік, тұрақтылық пен келісім секілді құндылықтардың нығаюына ықпал етіп келеді.      

Тәуелсіздік жылдары ішінде Наурыз мейрамы ұлты мен дініне қарамастан барлық қазақстандықтар үшін қастерлі, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамға айналды. Бұл – жалпыадамзаттық құндылықтар орнығып, достық пен өзара түсіністік, үйлесім мен тазалық нығаятын мереке. Бұл күні араздасқан адамдар бірін-бірі кешіріп, сауық-сайран салынып, мерекелік дастархан жайылып, айнала қуаныш пен шаттыққа бөленеді.

Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – бұл жыл басы, осы уақытта адамдар жарқын болашаққа жаңа жоспарлар құрып, арман-тілектерін айтып жатады. Осы жылы бұл мереке ел дамуының жаңа кезеңімен, конституциялық реформаның іске қосылуымен тұспа-тұс келді. Бұл – біздің қоғамды алға қарай дамытуға, Қазақстанды әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына қосу бойынша көзделген барлық міндетті іске асыруға бастайтын кезекті маңызды қадам.   

Баршаңызды осынау тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін! Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа жақсылығын, береке-бірлігі мен молшылығын ала әкелсін!

Жоғарғы Сотының Төрағасы                                                                                                          Қайрат Мәми

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі