Қостанайда судьялық лауазымға үміткерлер сот отырысына қатысушылардың рөлін сомдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының оқу орталығы судьялық лауазымға үміткерлердің қатысуымен көрсетілімдік сот отырысын ұйымдастырды.

Облыстың қалалық соттарында тағылымдамадан өтіп жүрген бес судьялық лауазымға кандидат Қостанай қаласының №2 сотында көрсетілім түрінде сот процесін өткізді. Судья, прокурор, адвокат, сотталушы мен жәбірленуші рөлдері үміткерлер арасында жеребе тастау арқылы бөлінді.

Қылмыстық іс бойынша көрсетілім түріндегі сот процесі Қылмыстық процестік кодекстің талаптарына сәйкес жүргізілді. Іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша (ұрлық) қаралды. Істің мән-жайына сәйкес, «сотталушы» 2016 жылғы қарашада кешкі тоғыздан кейін жаяу жүргіншіні қарға құлатып, құны 67 мың теңге болатын ноутбук салынған сөмкесін иемденген.

Судьялыққа кандидаттар өз рөлдерін жақсы сомдап, сот отырысы барысын бақылаған тәжірбиелі судьялар мен сот мамандары нақты сот отырысының ауанын сезіне алды.

Қостанай облыстық сотының судьясы Айгүл Ысқақова кандидаттардың қойылған міндеттерді өте сәтті орындағанын атап өтті.

- Батылдық уақыт өте келеді. Ең бастысы, процестік нормаларды қатаң сақтап, заңды әрі әділ шешім шығару, - деді судья.

Бұл Қостанай облысы соттарында көрсетілімдік сот процесін өткізу алғашқы рет емес. Бұдан былай, судьялық лауазымға үміткерлер үшін бұл іс-шара үнемі өткізіліп тұратын болады.       

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі