Қостанайда сот заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат пайдасына моральдық залал мен материалдық шығын өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанайдың тұрғыны заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін Қостанай облысының ІІД-не моральдық зиянды және материалдық шығынды өндіру туралы шағымымен сотқа жүгінген.

2015 жылдың көктемінде түнгі көңіл көтеру орындарының бірінен шыққан жас жігіттер көлікке отырған. Германия азаматы болып табылатын көлік жүргізушісінің құнды заттарын иеленіп алған жігіттер өздеріне қажетті бағыттағы жолды көрсетеді. Кейін шағым иесі осы іс бойынша күдіктілердің бірі ретінде танылып, оған қатысты ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі; 125-бабы 2-бөлігі және 200-бабы 2-бөлігі (тонау, адамды ұрлау, автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.   

2015 жылдың 29 наурызында ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Рудный қаласындағы уақытша оқшаулау изоляторына үш тәулікке қамалған. 2016 жылдың тамызында Қостанай қаласы прокурорының қаулысымен шағымданушының әрекетінде қылмыстық іс нышаны болмауына орай тергеу тоқтатылған.

Үш тәулікке заңсыз қамауға алынып, кепілдік түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану, жылдан астам уақыт бойы қылмыстық тергеу жүргізілу фактілері өзіне моральдық залал келтірді деп санаған азамат Ш. сотқа жүгінген.

Сот істің мән-жайын зерделеп, шағымды ішінара қанағаттандырды. Шағымданушыға облыстың Ішкі істер департаментінен 100 мың теңге көлемінде моральдық залал мен осынша мөлшерде материалдық шығын өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі