Қостанайда сот талапкердің Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қатысқандығының заңды дерегін анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай қалалық сотына азамат И. жүгініп, өзінің Семей полигонындағы ядролық оқыту жаттығулары мен сынаққа қатысқандығының заңды дерегін анықтауды сұраған.

Өз шағымында ол 1979 жылдың сәуірінен 1981 жылдың маусымы аралығында Семей облысының Курчатов қаласындағы әскери бөлімде әскери борышын атқарғанын көрсеткен.

Әскери қызмет барысында И. ядролық сынақтарға дайындық және оның салдарын жоюға атсалысқан. Қызмет барысында алған радиациялық сәулелену салдарынан үшінші топтағы мүгедек болып, осы себепті  Семейдегі ядролық сынақтан зардап шегуші деп танылды. Аталған фактіні бекіту азаматқа Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектеріне теңестірілген азамат ретінде жеңілдіктер алу үшін қажет.

Іс материалдарын зерделеп, куәгерлерлерден айғақ алған судья шағымданушы талабын қанағаттандырды. Сот шешімімен азамат И-дың әсери қызметі кезеңінде Семей полигонындағы ядролық оқыту жаттығулары мен сынаққа қатысқандығының заңды дерегі бекітілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі