Қостанайда 15 млн. теңге қарызды өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылғы наурызда талапкер мен ЖШС арасында қарыз шарты бекітіліп, оның талабына сай талапкер  ЖШС-ке арнайы техника алу үшін және айналымдағы қаражатты толықтыруға 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде қарыз ақша берген. Қаражатты алушы  жауапкер қолхат берген.

Алайда, қарызды қайтару мерзімі келгенімен серіктестіктен бүгінгі күнге дейін ақшасын ала алмаған  азамат сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Ол кезеңде қарыз соммасы 15 млн. теңгені құраған.

Сот отырысы барысында тараптар дауды бітімгершілік келісімімен реттеу туралы өтініштерін білдірген.

Сот бекіткен бітімгершілік келісім талаптарына сай, ЖШС алынған қаражат өтемі ретінде шағым иесіне жалпы құны 10 млн. теңге болатын арнайы техниканы, автокөлікті және құрал-саймандарды, бұған қоса, 15200 АҚШ долларын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін төлеуге міндеттелді.   

Сот медиативтік келісімді бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талапкерге баж салығы қайтарылды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі