Қостанай сотында мөлшері 3,5 млн. теңгеден асатын жұмыс құны мен айыпақыны өндіру туралы дау тараптардың бітімге келуімен шешімін тапты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қала тұрғыны Б. Қостанай қалалық сотына Н-ға қатысты шағыммен жүгінді.

Шағымданушы 2014 жылдың қазан айында жауапкермен кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасаған. Шарт талаптары бойынша жауапкер су ағары бар шатыр, пластикалық терезе салу, жылу, су және кәріз жүйесін жөндеп, қабырғаларды тегістеу сынды жұмыстарды жүргізу міндетін алған. Құны 3 млн. 700 мың теңгені құраған жөндеу жұмысының ақысын талапкердің төлегендігі қолтаңбамен бекітілген. Алайда, жауапкер жұмыстың жартысын ғана орындап тоқталғандықтан, талапкер одан 3,5 млн. теңгеден асатын жұмыс құны мен айыпақыны өндіруді сұраған.

Сот отырысы барысында тараптар медиативтік келісімге келгендіктен, дауды бітімгершілікпен аяқтауды сұраған өтініш түсті. Медиативтік келісімге сай, жауапкер ағымдағы жылдың 17 шілдесіне дейін 2014 жылдың қазанындағы келісім-шартқа сай барлық жөндеу жұмыстарын істеуге міндеттелді. Ол қолданылатын материалдарды талапкер келісімімен пайдаланып, барлық жұмысты өз есебінен  жүзеге асыратындығын уәде етті. Сонымен қатар, тараптар келісім-шартта көрсетілген әр жұмыс түрі бойынша аралық акт жасап отыратын болады. Жөндеу жұмысын іске асырушы қолданылған материалдар мен жұмыс сапасына 2 жылдық кепілдік береді.

Аталған іс өндірістен қысқартылды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі