Қостанай облысының судьясы Н.Дунаева: «Судьялар мінез-құлықтың жоғары стандарттарына ұмтылуы тиіс»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотында «Сот саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар өкілдері, адвокаттар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Модератор азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Долгих болды.

Қостанай аудандық сотының судьясы, ҚР судьяларының  VII съезінің делегаты Наталья Дунаева өз баяндамасында Елбасының тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыру үшін жүзеге асырып отырған бағдарламаларына тоқталды. Бұл тиімді кадрлық саясатты, мемлекеттік қызметші этикасының жаңаруы, сот этикасы жөніндегі комиссияның және ҚР Судьялар Одағының филиалдарының құрылуы. Сонымен қатар, судья қоғам тарапынан судьяға деген талаптың күшейгенін, судьяның жеке басы және оның жүріс-тұрысы тек сотта ғимаратында емес, былайғы өмірде де бақылау нысанына айналғанына тоқталды. Сондықтан сот отырысын жүргізу мәдениеті үлкен кәсіби маңызға ие. «Судьялар өз атына нұқсан келтіретін жайттардан аулақ болып, мінез-құлық сабырлылығына ұмтылуы керек», - деп атап өтті судья Наталья Дунаева.

Маман іріктеу мәселелеріне тоқталған сот алқасының төрағасы Владимир Долгих бұған дейін тағылымгерлермен жұмысқа жетекшілік еткенін айтып, тәжірбиесімен бөлісті. Бұрын соңды заңға қайшылықтары болған тағылымдамадан өтушілерді судьялық лауазымға ұсынудан бірнеше рет бас тартылғандығын мысалға алды.

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің жетекшісі Бейсенбек Сандыбеков баяндап, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін, БАҚ-пен өзара іс-қимылды арттырып, жаңа электрондық технологияларды енгізу арқылы  сот тәуелсіздігін шыңдау жайына тоқталды.

«Қостанай облысы бойынша «ГрИн» азаматтық альянсы» АҚ төрайымы Динара Өтебаева оларға мемлекеттік мекемелер әрекеті мен сот шешімдеріне қатысты шағымдарымен тұрғындардың көп жүгінетінін айтты. Үкіметтік емес ұйым қызметінде ең бастысы қоғамдағы тұрақтылықты сақтай отырып, тұрғындардың мемлекеттік мекемелер мен сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында оларға көмек көрсету.

Сот шешімдерімен келіспеу мәселелеріне тоқталған Владимир Долгих Азаматтық процестік кодексте сот шешімін түзететін тек процесстік тәсіл қарастырылғанын айтты.

Семинар-кеңес барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілі Асхат Искендіров статистикалық мәліметтер негізінде ақпарат жасады. Мәселен, бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс туралы ақпарат беруге дайын халық саны 4 есеге артқан. 2016 жылы агенттіктің Call Center  сервисіне жемқорлыққа қатысты қылмыс туралы 12 мың телефон қоңырауы түскен.

Іс-шараға қатысушыларға  республикада орын алып отырған  пара алу және беру, мемлекеттік қызметші этикасы нормаларын бұзу сынды мемлекетке нұқсан келтіретін фактілер туралы бейнеролик көрсетілді.

Кеңес соңында «Сот кабинеті» электрондық сервисінің жұмысы көрсетілді. Бұған қоса, ҮЕҰ волонетрлары тұрғындарға сот кабинеті жұмысынын кеңінен таныстыруға бағытталған акция өткізді.

Алматы облыстық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, діни экстремизм және терроризммен күрес мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар жұмысына облыстық және аудандық соттардың судьялары мен мамандары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, Алматы облысының прокуратура, облыстың ішкі істер департаменті, облыстық адвокаттар алқасының және нотариаттық палатаның өкілдері қатысты.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Советхан Сакенов «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты тақырыбындағы  өз баяндамасында 2017 жылғы 5 айдың статистикалық мәліметтерін келтірді. Мәселен, облыстың аудандық соттарында сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша өндіріспен 34 қылмыстық іс аяқталған, оның ішінде 18 қылмыстық іс үкім шығару арқылы қаралған.

Сотталғандар адамдардың жалпы санынан 10 адамға айыппұл, 9 адамға бас бостандығын шектеу, 10 адамға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалған, шартты түрде сотталғандар жоқ, 3 адам рақымшылық актісін қолдануына байланысты жазадан босатылды.

Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл түріндегі жазаны орындау» тақырыбына облыстық соттың судьялары Б.М.Зағиев және М.Т.Мұсабекова баяндамамен шықты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастығының орынбасары Данияр Сабырбаев «Мемлекеттік органдар қызметі саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы» тақырыбына баяндамамен шықты.

Іс-шара соңында Алматы облыстық адвокаттар алқасының Төралқа төрағасының орынбасары Данипа Әділбекова ашықтық мен қолжетімділік қағидаттары негізінде Алматы облысы сот жүйесінің заң үстемдігін қамтамасыз ету шеңберінде прогрессивті жетістіктерін атап өтті.

Тақырыптық семинарлар өткізу – бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілердің құндылықтар жүйесін нығайту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті дағдыландыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментімен бірлескен «Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағасы Қайрат Чакпантаев, МҚІС және СЖҚҚА ШҚО бойынша әдеп кеңесінің төрағасы, Департамент басшысының уақытша атқарушысы Жанна Қаблодадықызы, «ШҚО азаматтық Альянс» бірлестігінің төрағасы, облыстық маслихат депутаты Олег Чернышов, ШҚО соттарында ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Қайрат Хасенов, «Сот медиациясы» пилоттық жобасының үйлестіруші Аксана Каленова, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,  судьялар мен сот мамандары қатысты.

Іс-шара барысында семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті қалыптастыру, судьялық әдепті сақтау және «Судьялық әдеп кодексінің» талаптарын шектеу хөніндегі өзекті мәлелерді талқылады, сондай-ақ «Азаматтық бақылау» жобасы туралы, мемлекеттік басқару органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейіне жалпы шолу жасады. 

ШҚО соттарында ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Қайрат Хасенов баяндамасында, сыбайлас жемқорлықтың себептерін жою үшін тұрақты алдын алу іс шараларын өткізу туралы, оған қоса сыбайлас жемқорлық әр бір  мемлекеттік қызметшінің міндеті екендігін айтып өтті. 

Қайнар: 
Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облысық соттарының баспасөз қызметі