Қостанай облысында тұрғын үйді сату және сатып алу туралы келісім-шартты заңды деп тану дауы бойынша тараптар бітімгершілікке келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының Әулиекөл аудандық соты талапкер Д-ның жауапкер Т-ға тұрғын үйді сату және сатып алу туралы мәмілені заңды деп және өткізілген деп тану туралы шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылының тұрғыны өзі тұрып жатқан үй үшін соңғы екі жылдан бері 1 млн. 200 мың теңгені бөліп төлем келген. Үй құны үшін соғы 140 мың теңгені төлеу қалғанда, үйдің бұрынғы иелері сатып алушының жоқтығын пайдаланып, барлық жиһаз бен жеке заттарын далаға шырапы, есікті шегелеп кеткен. Қалған 140 мың теңгенің орнына 440 мың теңге төлеуді талап еткен үй иелері нотариуста сату және сатып алу келісім-шартын жасауға үзілді-кесілді келіспеген. Осыған орай, қолында үй сатушылардан алынған қолхаттары мен куәгерлері бар азаматша үйге деген құқығын сотта дәлелдеуге мәжбүр болған.

Сот отырысы барысында тараптардан сот медиациясын жүргізу туралы өтініш түскен. Тараптар арасында сот медиациясына сәйкес дауды медиациялық жолмен реттеу туралы келісім жасалды. Келісімге сәйкес, талапкер қалған 500 мың теңгені өтеуге, ал жауапкер аталған сомманы алғаннан кейін нотариуста үйді сату-сатып алу келісім-шартын рәсімдеп, барлық тиісті құжаттарды беру міндетін алды.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі