Қостанай облыстық сотының төрағасы өңір тұрғындарының сауалдарына жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев облыс тұрғындарымен интернет конференция өткізді. Өткізілетін іс-шара туралы облыс тұрғындарына облыстық соттың ресми сайты арқылы алдын ала хабарландыру жарияланған болатын.

Іс-шара барысында облыстың бірнеше тұрғынынан сауалдар түсті. Сұрақтар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты болды.

Мәселен, азамат А.Фисун ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотталған Т.Вальковаға қатысты қылмыстық іс бойынша сауал қойды. Азамат сот тағайындаған жаза бойынша сотталушыға тиесілі мүлктің тәркіленуі жәбірленушілерге келген материалдық шығын өтемінің кепілі бола алатындығы туралы білгісі келген. Бұл сауалға төраға, іс бойынша материалдық шығынды өндіру туралы шағым азаматтық іс жүргізу тәртібімен қанағаттандырылғанын мәлімдеді.  Ал, сотталушының мүліккін тәркілеуді апелляциялық саты сотталушыға қосымша жаза түрінде тағайындаған. Тәркіленген мүлік материалдық шығынды өтеу үшін емес, мемлекет пайдасына өтеді.

Лисаков қаласының тұрғыны өзінің үстінен сотқа шағым жазған танысының бітімгершілікке келгісі келмейтіндігін баяндаған. Бұл мәселе бойынша, Асламбек Амангелдіұлы сотқа бітімгершілікке келу туралы өтініш жазуды ұсынды. Өз кезегінде, судья екі тарапты да медиаторға жібереді. Егер медиатор екі тарапды да бітімгершілікке келуге көндіре алмаса іс жалпы тәртіппен сотта қаралатын болады.

Келесі сауал иесі облыс аудандарының бірінде кәсіби емес медиатор ретінде халыққа тегін қызмет көрсетеді екен.  Оның мәлімдеуінше, аудан  орталығында жұмыс істейтін кәсіби медиаторға оның тегін қызмет көрсететіндігі ұнамай, үнемі кедергі келтіреді. Осыған орай, сауал иесі кәсіби медиатормен арада туындаған келіспеушілікті шешу жолын сұрайды.

Кәсіби емес медиатордың тұрғындарға тегін қызмет жасап жатқандығына ризашылығын білдірген төраға:  «Сіздің кәсібіңіздің өзі шиленіс түйінін шешу, қарым-қатынасты қалыптастыру. Сондықтан, қалыптасқан жағдайда өз кәсіби тәжірбиеңізді қолдану арқылы реттеуді ұсынар едім. Егер бұл мүмкін болмаса заң аясында өз құқығыңызды қорғай аласыз»,- деді.

Әкімшілік құқық бұзушылық санатынан болған сауалды Рудный тұрғыны жолдапты. Ол  көлігін жолдасының басқаруына беріп, өзі қасында отырған. Осы негізде әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылған ол сот қаулысымен  үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Облыстық сот төрағасы заңды күшіне енген сот актісі талқылауға жатпайтынын мәлімдеді. Егер оны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енбеген болса азамат оған қарсылық келтіре алады. Ал көлік жүргізу құқығын уақытынан бұрын қалпына келтіру шарасы заңмен қарастырылмаған.

Интертен-конференция соңында төраға өз сауалдарын жолдаған облыс тұрғындарына алғысын білдірді. Түскен сұрақтар жауабы оның жеке болгында жарияланды. 

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі