Қостанай облыстық сотының судьялары журналистерге арнап брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотында сот алқаларының төрағалары Владимир Долгих пен Арман Шәмшиев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингке қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Журналистермен кездесуді төрағаның м.а. Арман Шәмшиев ашып, ол ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында облыс соттарының қылмыстық істерді қарау нәтижелеріне тоқталып, сот төрелігін іске асырудың басты мәселелерін атап өтті. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Долгих татуластыру шараларына байланысты тоқтатылған азаматтық істердің көбейгенін атап өтті. Мәселен, бірінші саты соттарымен медиация тәртібінде 738 келісім бекітілді, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 350 құраған болатын. Апелляциялық сот алқасында медиацияны қолдана отырып 15 қаулы шығарылды. Соттар партисипативтік шаралар белсенді түрде пайдаланылуда, оның көмегімен 6 келісім бекітілді.

Брифинг барысында қылмыстық істердің санаттары және ақтау үкімдері туралы сұрақтарға жауап бере отырып, Арман Шәмшиев ақтау үкімі шығарылған қылмыстық істердің басым бөлігі жала тағу және тіл тигізу туралы жеке айыптау бойынша істерді құрайтынын атап өтті. Ал, аз пайызын дене жарақатын келтіргені үшін жеке айыптау істері құрайды. Әдеттегідей, жеке айыптау бойынша, мысалы, жала таққаны үшін ақтау үкімі шығарылған жағдайда ақталған азаматтар моральдық шығындарды өтеу үшін сотқа жүгінеді. Қылмыстық іс тобынан азаматтық іске ауысады немесе керісінше болады.

Тағайындалған мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда азаматтарды жеке меншігіндегі жер учаскелерінен, пәтерлерінен әкімдіктің айыруы туралы сұрақтар қойылды. Владимир Долгих азаматтық құқықта меншік құқығын іске асырғысы келмейтін тұлғалар меншіктен бас тартуға құқылы екендігін журналистерге түсіндірді.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері қоғам назарына ілінген істер туралы, атап айтқанда заңды күшіне енген «әкімнің үлкен ісі», сот ісі жақын арада басталатын, бір апта алдын жазғы кафеге басып кірген «Геленваген» жүргізушісі туралы істер бойынша қызығушылық білдірді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі