Көрінеу жалған көрсетпе бергені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян ауданының № 2 аудандық сотында  ҚР ҚК  420-бабы, 2-бөлімі - сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма бойынша аса ауыр қылмысқа қатысты куәгердің жалған көрсетпе бергені жайлы  қылмыстық іс қаралды.

Азамат А сот залындағы жалған  көрсетпе  бергені үшін қылмыстық жазаға тартылатыны ескертілгендігіне және өзінің сот алдында  ант бергеніне  қарамастан , өзінің іс-әрекетінің қоршаған ортаға қауіпті және құқыққа қарсы екендігін ұға отырып сотты  әділ жолдан тайдыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған  ауданаралық қылмыстық сотында аса ауыр қылмысқа  тартылған О.,Ч.,А қатысты қылмыстық істі қарау барысында  басты сот мәжілісінде куәгер ретінде жауап беру кезінде жалған көрсетпе берген.

Қылмыстық істің материалдарынан  азамат А әділдікке қарсы қасақана ауыр қылмыс жасағаны белгілі.Аса ауыр қылмыс жасалған қылмыстық іске қатысты сот мәжілісінің барысында азамат А  жалған көрсетпе беріп қылмыскерлерді қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатымен тек сотты ғана адастырмай ішкі істер бөлімінің  қызметкерлерінеде, қызметтерімен лауазымдарын  пайдаланды деген жалған жала жауған.

Азамат А сот шешімінің  үкімі бойынша ҚР ҚК-ның 420-бабының, 2-бөлімі бойынша  кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қылмыстық-орындау мекемесіне орташа қауіпсіз жүйесіне ,сот залынан қамауға алып жіберілді.    

Үкім заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі