ҚХА Медиация кеңесі, Судьялар одағы, Республикалық нотариалдық палатасы, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің кеңейтілген отыры өтті.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Әбдірайым, Ахмет Мұрадов, Наринэ Микаелян, Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Елдос Жұмақсанов, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Әбдиев, Бас прокуратура, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет, Ұлттық экономика министрліктерінің, сондай-ақ республикадағы медиация орталықтарының өкілдері қатысты.  

Бұған қоса, семинардың жұмысына Еуропа Кеңесінің Италиядағы медиация жөніндегі сарапшысы Матиуччи Джовани қатысты.  

Мемлекеттік органдардың өкілдері өз баяндамаларында 2017 жылғы        23 ақпандағы «Медиация институтының қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі» атты ҚХА-ның халықаралық диспут-форумының ұсынымдарын орындау барысына тоқталып өтті. Атап айтқанда, медиаторлардың кірістері болмаған жағдайда Салық кодексіндегі әлеуметтік салықты төлеу туралы талапты алып тастау, медиаторлардың белгілі-бір санаттағы азаматтарға тегін кепілді көмек көрсетуі, мамандықтар жіктеуішіне медиатор кәсібін қосу, біліктілік талаптарын әзірлеу және т.б. туралы заңнамаға ұсыныстар енгізуге бастамашылық жасалды. Сонымен қатар, 2017 жылдың соңына дейін медиация тәртібінде жекелеген санаттағы даулар бойынша дауларды (жанжалды) сотқа дейін реттеуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жалғастыру туралы ұсыныс айтылды.

Отырыста ҚХА Медиация кеңесінің ережесі, ҚХА медиация кабинеттері туралы типтік ереже бекітілді. ҚХА Медиация кеңесі Қазақстан Республикасы Судьялар одағымен, Республикалық нотариалдық палатамен, Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен меморандумдарға қол қойды. Медиация туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі