К.Д.Өтемісоваға қатысты қылмыстық іс бойынша ақпарат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Жоғарғы Соты сотталынған К.Д.Өтемісованың қылмыстық істі апелляциялық тәртібімен қарау үшін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2014 жылғы 5 мамырдағы үкімімен К.Д.Өтемісова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 350-бабы 2-бөлігіне сәйкес (заңсыз үкім шығарғаны үшін) кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте үш жылға дейін лауазымға орналасу құқығынан айырыла отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталып, жазаны жалпы тәртіптегі  түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Аталған үкім сотталушының апелляциялық шағымы бойынша Алматы қалалық сотына қарауға түсті.

Бұған қоса, сотталған К.Д. Өтемісованың соттылығын өзгерту және оның қылмыстық ісін басқа соттың қарауына беру туралы өтініші келіп түсті.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, қылмыстық істі неғұрлым объективтi қарау мақсатында бiр соттан сол деңгейдегi басқа соттың қарауына берiлуi мүмкiн.

Жоғарыда айтылғанға сәйкес, сонымен қатар, К.Д.Өтемісованың уәждерін, оған қоса, сотталғанның Алматы қаласының сотында судья қызметінде біраз уақыт жұмыс істегенін ескере отырып, ҚР Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 6 маусымдағы қаулысымен қылмыстық іс апелляциялық тәртіппен қарау үшін Астана қаласының сотына жолданды.

 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі