Қазақстандық соттарда Электронды қадағалау өндірісі енгізіледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғары Сот Төрағасының өкімімен республикамыздың барлық соттарында 1 тамыздан бастап Электронды қадағалау өндірісін енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылады.

Бұл жұмыс, процессуалды заңнамалар, «Ақпараттандыру туралы» және «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңдар қарастырғандай, алға қарай соттарды ақпараттандыруға және сот ақпараттарына қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Электронды қадағалау өндірісі – бұл http://enp.supcourt.kz мекенжайында орналасқан жаңа электронды ресурс.

Әр сот өндірісіне мүдделі қатысушы сәйкесінше сот кеңсесіне жолығып, өзі қатысатын сот ісі бойынша мәліметтерге қол жеткізу құпия сөзін алады.

Сот істері бойынша анықтамалықтан айырмашылығы Электронды қадағалау өндірісінде талап арыздар, шағымдар, сот актілеріне наразылықтар, тараптардың қарсылықтары және өзге де құжаттардан құралатын сот материалдарының кең тізбесі ұсынылатын болады.

Бұл іс өндірісіне қатысушылардың іс материалдарымен танысу процессуалды құқықтарын жүзеге асыруды көп жеңілдетеді, сот құжаттарын зерделеуге кететін уақыт пен қаражат шығындарын қысқартуға мүмкіндік тудырады.

Сонымен қатар, Электронды қадағалау өндірісінің форматы сот ісі бойынша ақпараттарға қолжетімді тұлғалардың санын шектейді. Бұл азаматтардың жеке деректерін қолдану саласындағы мүдделерін қорғау қажеттілігімен келісілген.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында Сот істері бойынша анықтамалықтың әрі қарай жұмыс істеуінің дұрыстығы туралы мәселе шешілетін болады.

Сот ақпараттарына қол жеткізудің жаңа форматын енгізу сот қызметкерлеріне қосымша ұйымдастыру-техникалық жүктемелер жүктейтінін, сондай-ақ халықты тиісінше деңгейде ақпараттандыру қажеттілігін есепке ала отырып, пилоттық жобаның тиімділігіне жыл соңында баға беру жоспарланып отыр.

Осыған байланысты азаматтардың осы мәселеге байланысты пікірлері мен ұсыныстарын ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін Жоғары Сот сайтына жолдауларыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының аппараты)