Қарағандыда Орхусс конвенциясы ережелерін қолдану тақырыбында судьяларға арналған екі күндік өңірлік тренинг болып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот және Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесе отырып Орхусс конвенциясы мен Қазақстан Республикасының ұлттық экологиялық заңнамасы ережелерін қолдану тақырыбында судьяларға арналған аймақтық тренингі болып өтті.

Орхус конвенциясы – «Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне, ақпаратқа қол жеткізу туралы» БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының конвенциясы.

Аталмыш шараға ҚР Жоғарғы Сотының судьясы В.Борисов, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының ұлттық үйлестірушісі М.Ибрашева, ЕҚЫҰ сарапшысы С.Ковлягина, «Қоғам және қоршаған орта» Ресурстық-талдау орталығының сарапшысы А.Андрусевич қатысты.

Жиынға Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан 50-ден астам судья қатысты. Іс-шараның мақсаты – Орхусс  конвенциясы ережелерінің жүзеге асуына ықпал етіп, барлық мүдделі тараптардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков өз сөзінде «Экологиялық проблемалар жайлы ақпараттандыруды жақсартуға ықпал ететін, өз алаңдатушылықтарын білдіруге мүмкіншілік беретін және сот жүйесіне экологиялық заңнаманы дұрыс қолдануын қамтамасыз ететін осындай тренингтердің маңызы өте зор деп есептеймін», - деп атап өтті.

Тренинг қорытындыланғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

 

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі