Қарағанды облысының сот төрағалары тұрғындарға қылмыстық процесті жаңғырту реформасының негізгі бағыттарын түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Барлық 35 соттың және өңірдегі теңестірілген соттардың төрағалары қылмыстық процесс реформаларының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында тұрғындармен бірқатар кездесу өткізді.

Мысалы, Бұқар-жырау аудандық сотының төрағасы Рафаил Дурдыев, Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Шәріп Сисембаев, Ұлытау аудандық сотының төрағасы Сәрсен Сағатов, Саран қалалық сотының төрағасы Болат Имашев, Октябрь ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Бейбіт Әлібеков, Қарқаралы ауданының  №2 аудандық сотының төрағасы Кенжебай Ысқақбаев, Октябрь ауданының №3 аудандық сотының төрағасы Орал Омаров Шешенқара, Ұлытау, Ақтас, Сұрыптау, Егіндібұлақ ауылдарының тұрғындарымен, Пришахтинск кентінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесулерде сот төрағалары республикада сот жүйесінің жұмысын жақсарту және азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы хабардар етілді. Ұлт жоспарын орындау мақсатында құқық қорғау қызметін жақсарту және қылмыстық процесті оңтайландырудың негізгі тәсілдерін дайындау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғаны айтылды. Реформаның негізгі ммақсаты – қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдарының процестік өкілеттіктерінің ара-жігін ажырату. Реформа сот талқылауының оңтайлы моделін құруға және адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмін дамытуға бағытталған.

Сот төрағалары халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету, қылмыстық істер және сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу бойынша сотқа дейінгі пробация рәсімдерін қолдану мәселелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, рефолрма шеңберінде адамды санкциясыз ұстау мерзімін қысқарту, соттардың процестік әрекеттерді санкциялау құзыретін кеңейту  көзделген.

Кездесулерде азаматтар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға нақты жауап алды.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі