Қарағанды облысында сот Өзбекстан Республикасының екі азаматын көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін екі тәулікке қамауға алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлытау аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған екі Өзбекстан Республикасы азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес бұл шетел азаматтарының  әрекеттерінде  шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, республика аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамау түріндегі құқықбұзушылық белгілері байқалды.

Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәларын толық мойындап, хаттамадағы мән-жайды растап, өкініш білдіріп, қатаң жазаламауды өтініп, айыппұл төлеуге мүмкіндіктері жоқтығын, сол себептен аз мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолдануды сұрады.

Сот құқықбұзушыларға 2 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі