Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасы Н.Гвенетадзе: «Сіздер лайықты мақтаныш ететін жетістіктеріңіз бен табыстарыңызға көз жеткіздік»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің атына грузиялық әріптесі Нино Гвенетадзенің жақында Астанада өткен Грузия Жоғарғы Сотының делегациясына ұтымды кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірген хаты келіп түсті.

«Қазақстанның сот төрелігі жүйесінің қызмет етуімен және түрлі сатыдағы судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысын көріп, жетістіктеріңізбен танысып, сіздер лайықты мақтаныш ететін жетістіктеріңіз бен табыстарыңызға көз жеткіздік. Әрбір судьяның іске деген қарым-қатынасы мен жаңашылдыққа деген ұмтылысы, сот процесіне қатысушыларға сот төрелігін қамтамасыз ету және қолжетімділігін оңтайландыру мақсаты болып табылатын сот істерін тиімді және уақтылы қаралудағы зор еңбектері ерекше әсер қалдырды», - деді Н.Гвенетадзе.

Хатта сот органдары басшылары мен қызметкерлерінің жұмысы туралы айта келе, олардың әрбірінің кәсібилігі мен жұмысқа деген ынтасы сот төрелігін жүзеге асыру процесіндегі топтағы көшбасшының рөлі мен жұмыс қағидаттарын біріктірудің қаншалықты маңызды екендігін айқындайтындығы аталып өтілген.

«Сіздің елдеріңіздің көшбасшысы Нұрсұлтан Назазарбаев жүргізген мемлекеттілікті жаңғырту бастамасының ауқымдылығын пайымдауға аз уақыт өтсе де, бүгінгі таңда жоспарланған шаралар жүзеге асып, шындыққа айналып жатқанына біз қайран қалып отырмыз. Сөз жоқ тәуелсіз әрі қуатты мемлекет құруға деген ұмтылыс негізінен сот төрелігінің қызметін реттеуге, әділет органдары басшылары мен қызметкерлерінің кәсібилігіне, олардың отансүйгіштігіне, ел мен халық игілігі үшін атқаратын тынымсыз еңбегіне тікелей байланысты. Біз бұған судьялармен және сот қайраткерлерімен, Бас прокурор Ж.Асановпен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровпен кездесуден кейін көз жеткіздік», - дейді Н.Гвенетадзе.

Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасы болашақтың қуаты тақырыбына арналған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалау бақытына ие болғандығын айта келе, аталған оқиға Қазақстан мен оның көшбасшысының ел ертеңі жастардың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп жатқанын тағы бір мәрте дәлелдейді деген пікірін білдірген.

Сапар барысында мемлекеттік әл-ауқаттың негізі – жастардың білімін арттыруға, жас отбасыларды ынталандыруға, қарттарды лайықты әлеуметтік қамтамасыз етуге ықпал ететін жобалармен танысқан Грузияның Жоғарғы Сот Төрағасы болашақта екі ел арасында кәсіби қызметке негізделген байланыстан бөлек достық және өзара құрмеке негізделген қарым-қатынас көкжиегі кеңейетіндігіне сенім білдірді.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
Тегтер: