Елордалық сотта Ата заңға енгізілген жаңашылдықтар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев судьялардың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Заңның жаңашылдықтарын талқылады.  

Сот төрағасы Конституцияның мемлекеттік құрылым және басқару нысанын, қоғамдық-экономикалық ахуалдың нығаюын, мемлекеттің барлық құқықтық жүйесінің негізін қалаушы құжат болып табылатынын тілге тиек етті.  

«Ел Президентінің салиқалы саясаты негізінде Қазақстан бүгінде экономикалық күш-қуаты зор және халықаралық беделді, пәрменді, бәсекелестікке сай мемлекеттің бірі болып танылды», - деді Т.Бәрпібаев.

Іс-шара барысында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының судьясы Руслан Мәжітовтің Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жалпы  сипаттамасы туралы баяндамасы тыңдалды.

Астана қаласының Алматы аудандық сотының судьясы Жандос Жетібаевтың «Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттігіне қатысты Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» баяндамасы тыңдалды. 

Үкімет өкілеттігіне қатысты Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар төңірегінде тақырыпты Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Болат Нұрланов өрбітті.

Іс-шара соңында қатысушылары еліміздің Ата заңына енгізілген түзетулердің артықшылықтарын баса айтып, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі